МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІ ТҮРІКМЕНСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕДЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІ ТҮРІКМЕНСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕДЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Ашхабад қаласында (Түрікменстан) «Қуатты мемлекеттің жаңғыру дәуіріндегі денсаулық сақтау, білім және спорт» халықаралық көрмесі өтті. Оған Қазақстанның алты жоғары оқу орнының өкілдері қатысты.
Ауқымды шараға Марғұлан университетінің атынан зерттеулерді қолдау департаментінің директоры Бибінұр Байдалинова барды. Ол көрмеге қатысушыларға отандық білімнің артықшылықтары мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндіктері, сондай-ақ бакалавриат, магистратура және докторантураға арналған білім беру бағдарламалары туралы айтып берді.
Қазақстандық жоғары оқу орындарының «Study in Kazakhstan» көрмесін болашақта біздің елде білім алғысы келетін 500-ден астам әлеуетті талапкер тамашалады.
Түрікмен жастары Марғұлан университетінде педагогикалық мамандықтардың білім беру бағдарламаларына үлкен қызығушылық танытты.