Қос дипломдық бағдарлама аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының 19 студенті Слупск қаласына (Польша) аман-есен жетті.
Оларды ғылыми жетекшісі, PhD доктор Максим Пономаренко және Померан университетінің студенттермен жұмыс жөніндегі проректоры, профессор Данута Герчиньска жылы қарсы алды. Бұл маңызды сапар Абай атындағы ҚазҰПУ мен Померан университеті арасындағы ынтымақтастық келісімі аясында жүзеге асты.
Бірегей қос дипломды бағдарлама студенттерге екі елде де білім алуға, академиялық және мәдени әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Абай университетінің студенттері бұл мүмкіндікті мақтан тұтады және Польшадағы білім беру және зерттеу бастамаларына белсенді қатысады.
Бұл ынтымақтастық екі беделді университеттер арасындағы халықаралық білім беру мен тәжірибе алмасуларды дамытудағы маңызды қадам болып табылады.