Астанада KazEnergy қолдауымен Shell Kazakhstan компаниясының бакалавриат және магистратура бағдарламаларында оқитын студенттер арасында жыл сайынғы «Student Energy challenge» инновациялық идеялар байқауы аяқталды.
Ақтық сайысқа жолдама алған 15 команданың ішінен «Dream team» атты С.Өтебаев атындағы АтМГУ командасы (Нұрланұлы Тамерлан, Жайық Жұлдыз, жетекшісі – Иманғалиева Әсем) жобаны жүзеге асыру үшін 5 000 АҚШ доллары грантын жеңіп алды.
Dream team командасы «Қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу» бағыты бойынша жобаны наурыз айынан бастап жүзеге асыруда. Жоба өнеркәсіптік күкірт қалдықтарынан цементтің технологиялық өндірісін дамытуға арналған.
Student energy challenge байқауы жас дарынды студенттердің зияткерлік дағдыларын дамытуға жаңаша көзқараспен қарауға, студенттерді тиімді әрекеттесу процесіне тартуды белсендіруге, тәжірибе алмасуға және жаңашылдықты сәтті көрсетуге мүмкіндік береді.