«МЕНДЕЛЕЕВ СЫНЫПТАРЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

«МЕНДЕЛЕЕВ СЫНЫПТАРЫ»   ЖОБАСЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Қазақстандағы алғашқы «Менделеев сыныптары» жобасының тұсаукесері өтті.

 

«Менделеев сыныптары» жобасы М .Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті және «ҚазФосфат» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы үшжақты келісім аясында жасалып отыр. 

 

Жобаның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының химия саласы үшін болашақ кадрларды даярлаудың барлық кезеңдерінде химия мен математиканы оқыту деңгейін арттыру.

Жобаны іске асыру 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады: білім-ғылым-өндіріс.

 

"Менделеев сыныптары" білім беру жобасы жалпы білім беретін мектептердің 10 және 11 сынып оқушыларына арналған және химия мен математика бойынша оқу бағдарламаларын тереңдетіп оқытуды көздейді.