Satbayev University развивает проекты по экологии на республиканском уровне

Satbayev University развивает проекты по экологии на республиканском уровне

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми жобаларды Сәтбаев Университетінің ғалымдарымен бірге талқылады.

Кездесуге қатысушылар экологияның өзекті проблемаларын, оларды тиімді шешудің технологиялары мен құралдары мәселелерін айтты.

Ғалымдар министрді табиғи ресурстарды сақтауға септігін тигізетін жобаларымен таныстырды. Атап айтқанда, электромобильдерге арналған зарядтау станцияларының сериялық өндірісі, «Жасыл» шағын су электр станциясы, топырақ пен суды ластанудан тазартудың жаңа технологиялары, сондай-ақ жылу электр станцияларының қалдықтарын құрылыс материалдары ретінде қайта өңдеу технологиясы.

Жобалар ішінде ұшқышсыз ұшыру дрондарының жобасы жайында ерекше аталып өтілді. Аталған жоба экологиялық мәселелерді шешу, табиғи өртті сөндіру, суды үнемдеу және т.б. жағдайлар үшін өте қолайлы.