Х. ДОСМҰХАМЕДОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ТҮРКИЯЛЫҚ ЖАС ҒАЛЫМДАР ОҚУҒА КЕЛДІ

Х. ДОСМҰХАМЕДОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ТҮРКИЯЛЫҚ ЖАС ҒАЛЫМДАР ОҚУҒА КЕЛДІ

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне түркиялық жас ғалымдар «Орхун» академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізуге келді.

Каппадокия университетінің 2 курс магистранты Нұрай Явуз бен Эге университетінің 2 курс магистранты Сулейман Мете Дикмен қазақ тілі мен мәдениетін, тарихын терең білуге талпынып жүрген мамандар. Олар аз уақытта қазақ тілін жақсы меңгеріп алғандарын айтады.

Атырау университеті сыртқы академиялық ұтқырылық бағдарламасы бойынша шетелдік 85 жоғары оқу орнымен келсім-шарт жасасқан. Былтыр оқу орнына 7 шетелдік студент білім алуға келді. Биыл Польша мемлекетіне 9, Түркия еліне 8 атыраулық студент оқуға барады.