MARGULAN UNIVERSITY СТУДЕНТІ – АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

MARGULAN UNIVERSITY СТУДЕНТІ – АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ
Сүйінші! Марғұлан университетінің Өнер және спорт жоғары мектебінің студенті Виктория Бутолина ХІХ Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Жас спортшы батут гимнастикасынан финалдық жарыста өнер көрсетіп, қола медалін иеленді.
Виктория Бутолинаның жоғары санаттығы жаттықтырушысы, спорттық акробатикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Екатерина Сергеевна Свиридова. Виктория 6 жасынан бастап батут гимнастикасымен айналысады, халықаралық спорт шебері. Өткен жылы Болгарияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс медальді жеңіп алған болатын.
Айта кетейік, жеңімпаз жарысқа қатысушылардың ішіндегі ең жасы болды. Оның қарсыласы болған Қытай гимнастшыларының ең жасы - 25-те болса, жапондық спортшылардың ең кішісі 28-де.
Бүгінде біздің елде Викторияға тең келер ешкім жоқ, ол батут гимнастикасынан Қазақстан Республикасының абсолютті чемпионы.