Аян Бейсенбаев үш жүлдегер қатарына кіріп, қола медаль жеңіп алды.
ҰОК мәліметтері бойынша, Бейсенбаев 1500 метр жүзуді, 40 шақырым велосипедпен жүруді және 1:52:25-те 10 шақырым жүгіруді еңсерді.
Аян Бейсенбаев үшін бұл халықаралық жарыстардағы алғашқы медалі емес. Атақты спортшы бұған дейін триатлоннан Африка Кубогын , сондай-ақ 2023 жылы Оңтүстік Кореяның Седжон қаласында Азия Кубогын жеңіп алған болатын.
Аян Бейсенбаев – бүкіл Қазақстанның мақтанышы, Қазақстан Республикасының ең мықты триатлон мектептерінің бірі - Ақмола облысының триатлон мектебінің тәрбиеленушісі.