2023 жылғы Азия ойындарына Ш. Уәлиханов атындағы КУ «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Яковлева Надежда қатысуда. Надежда баскетболдан Қазақстан әйелдер құрамасына кіреді.
20 жастағы Надежда спорт шебері атағын алуға үміткер. Оқуды сүйікті ісімен ұштастыра отырып, қала, облыстық және республикалық ірі және шағын спорттық және мәдени іс-шараларына белсенді қатысады.
Надежда "Оқжетпес" командасының құрамында, ал бұл команда соңғы 15 жылда Қазақстанның үздік құрамаларының бірі болып табылады. Қазақстан Кубогының жарысында құрама команда 2 орын алды, ал Н. Г. Яковлева «Үздік ойыншы» атағына ие болды. 2023 жылы Ақтау қаласында өткен жазғы универсиадаға да Ualikhanov University студенті қатысты.
Қазақстанның барлық спортшыларына жеңіс тілейміз!