АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСУДА

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСУДА

Осы жылдың басты спорт бәсекесі – XIX жазғы Азия ойындарына Ахмет Ясауи университетінің қос бірдей студенті қатысып жатыр.

Сәкен Бибосынов пен Сағындық Тоғамбай бокстан ұлттық құрама сапында ел намысын қорғайды. Сәкен 51 келіде, ал Сағындық 92 келі салмақта шаршы алаңға шығады. Бүгінде екі боксшы да алғашқы кездесулерін өткізіп, сенімді түрде келесі кезеңге жолдама алды.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатының алтын жүлде иегері. Сағындық Тоғамбай – жастар арасында Азия чемпионы, әрі әлем біріншілігінің күміс жүлдегері.

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарына Қазақстан құрамасында 525 спортшы қатысып жатыр. Барлық спортшыларымызға сәттілік тілейміз!