Батысқазақстандық студент Азия ойындарында бақ сынап жатыр

Батысқазақстандық студент Азия ойындарында бақ сынап жатыр
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 2-курс студенті Мария Бровкова Азия ойындарына жол жүріп кетті. Байдарка мен каноэ есуден Қазақстан құрама командасының сапында өз шеберлігін сынға салатын Мария «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жүр.
Жеті жасынан қайыққа отырып, су спортына қызығушылық танытқан Марияның алғашқы жаттықтырушысы – анасы Елена Бровкова. Қызының спорттың осы түріне деген ынтасын байқаған анасы 5-сыныптан бастап жаттықтыра бастапты. Кейін Олимпиада резервінің Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында оқуын жалғастырып, спортқа ден қойған.
Бүгінде 18 жасар спортшы қыз – байдарка мен каноэ есуден жастар арасындағы Әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы. Ал қазіргі уақытта ел құрамасының сапында сапарларда жүретін чемпионды республикалық олимпиадалық даярлау орталығының жаттықтырушысы Сергей Тиунов жаттықтырып жүр. М.Бровкова спорттағы жетістіктерінің нәтижесінде «халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын абыроймен иеленді.
🇰🇿 Азия ойындарында ел намысын қорғайтын Марияға жеңіс тілейміз!