Қазақ спорт және туризм академиясының студенті ХІХ Азия ойындарында бір өзі екі алтын, бір қола жүлде еншіледі

Қазақ спорт және туризм академиясының студенті ХІХ Азия ойындарында бір өзі екі алтын, бір қола жүлде еншіледі

Қазақ спорт және туризм академиясы жеңіл атлетика және қысқы спорт түрлері кафедрасының студенті Әсем Орынбай Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ Азия ойындарында стенд атудан алтын және қола медаль алып, қазақ елін қуантты.

Жекелей сында 45 ұпай жинаған Әсем Орынбай Қытай спортшылары Цзянь Йитин (57ұп) мен Гао Цзиньмэйге (55ұп) есе жіберіп, бір өзі қола медальға қол жеткізген болатын.

Дәл осы байрақты бәсекеде Әсем Орынбай жерлестері Ольга Панарина, Зоя Кравченкомен стенд атудың скит жаттығуы бойынша командалық сынға түсіп, ел қоржынына алтын жүлдені салды.

Сондай-ақ, қазақстандық Эдуард Ещенко мен Әсем Орынбай аралас командалар сайысында да топ жарып, алтыннан алқа тақты. Бір өзі екі алтын, бір қоланы қанжығасына байлаған қаршадай қазақтың қызы еліміздің абыройын асқақтатты.