
Бүгін Алматы қаласында «Мамандығым – болашағым» жобасы басталды, жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған 2029 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда.
Алматы Менеджмент Университетінің (AlmaU) өңірлік жобалау кеңсесімен және креативті индустриялар орталығымен бірлесіп «Алматы қаласының жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атласын» әзірлеу басталды.
Жобаға қатысуға салалық сарапшылар, қаланың ірі кәсіпорындарының өкілдері, қауымдастықтар және қаланың білім беру мекемелерінің қызметкерлері шақырылды. Қарқынды форсайт-зерттеу Алматы қаласының құрылыс, сәулет, урбанистика, қонақжайлылық және сервис индустриясы, көлік және логистика сияқты салалардағы кадрларға қажеттіліктің өңірлік картасын қалыптастыруға бағытталған.