Америкалық басылымда QYZPU студенті туралы мақала шықты

Америкалық басылымда QYZPU студенті туралы мақала шықты
The Delta Devils Gazette газетінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Қарақат Орынбаева туралы мақала жарияланды.
Онда журналистер Қарақатты арнайы оқу бағдарламасымен Қазақстаннан мұхит асып келген студент ретінде көрсеткен. Тілшілер біздің студентпен сұхбаттасып, Миссисипи Алқабының мемлекеттік университеті жайлы пікірін сұраған.
Мақалада Қарақат Орынбаева ағылшын тілін жетілдіріп, өзінің мамандығы бойынша білікті профессорлардан білім алғысы келетінін айтқан.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қарақат Орынбаеваны АҚШ-қа тамыз айының соңында арнайы бағдарлама аясында жіберген болатын. Физика мамандығының 3 курс студенті Миссисипи Алқабының мемлекеттік университетінде білім алып жүр.
Қыздар педагогикалық университеті Қытайға да шет тілі: екі шет тілі мамандығының 10 студентін аттандырды. Олар Хубэй университетінде оқып жатыр. Сондай-ақ Литвадағы Вильнюс университетінде осы мамандықтың 2 курс магистранты Сұлу Аралбаева да академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқуда.
Университет шет елдегі студенттерімен әрдайым байланыста. Хабарласып, хал-жағдайларын тұрақты түрде сұрап тұрады.