Ханчжоудағы Азия ойындарында Жұбанов университетінің спортшысы бақ сынайды

Ханчжоудағы Азия ойындарында Жұбанов университетінің спортшысы бақ сынайды
2023 жылғы Азия ойындарына қатысу үшін Қытайдың Ханчжоу қаласына аттанған Қазақстан құрамасының құрамында Жұбанов университетінің оқытушысы Константин Миляев те бар. Константин Миляев Азия ойындарында ерлер командасы құрамында гандболдан бақ сынайтын болады.
Айта кетейік, университет спортшысы гандболдан Қазақстан Республикасының «Спорт шебері».
Жазғы Азия ойындарына Азияның 45 елінен 15 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 524 спортшы бар. Отандық спортшылар 44 дисциплина бойынша марапатқа таласады, онда 305 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Жалпы Азиадада 61 дисциплина бойынша 481 медаль жиынтығы ойнатылады.
Өз тарихында ХІХ рет жалауын көтеретін Жазғы Азия ойындарының ресми ашылу рәсімі 23 қыркүйекте өтті. Ойындар 8 қазанға дейін жалғасады.
Отандық спортшыларымызға сәттілік пен жарқын жеңіс тілейміз!