Сәтбаев Университетінің ғалымы анестетик газ датчиктерін ұсынады

Сәтбаев Университетінің ғалымы анестетик газ датчиктерін ұсынады
Ота жасау кезінде анестезияға қолданылатын газдардың ағып кетуін бақылайтын сенсорлы құрылғыны Сәтбаев Университетінің ғалымы Данатбек Мурзалинов жасап шығарды. Бұл ота жасау бөлмелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін инновациялық жаңалық. Құрылғы өте сезімтал және бөлмеде газдың иісі бар екенін анықтауға, сондай-ақ оның ағып кетуін уақтылы қадағалауға мүмкіндік береді. Ал бөлмедегі зиянды газдарды дер кезінде анықтау науқастар мен медицина қызметкерлері үшін де келеңсіз жағдайлардың алдын алады.
Бұл өнертабыстың негізгі артықшылықтарының бірі – кеуекті кремнийдегі қалайы оксиді сияқты жаңа материалдарды пайдалана отырып, құрылғының жоғары сезімталдығын қамтамасыз ету. Ал құрылғыда орнатылған бағдарламалық қамтамасыз ету дәрігерлер мен медбикелерге газдың шығуы туралы ғана емес, науқас қатты ауырсынған кезде оны оятуға және анестетикті шамадан тыс тұтынуы туралы ескертуге мүмкіндік береді.
Сәтбаев Университетінің ғалымы Данатбек Мурзалинов газды анестетиктер үшін жасалған сенсорлы құрылғы ота жасау бөлмелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңызды қадам екенін атап өтті. Оның бұл өнертабысы пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін жағымсыз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі деп үміттенеді.