Дулати университеті ғалымдарының бастамасымен елімізде халықаралық BEACON жобасы жүзеге асырылуда.
BEACON жобасына Қазақстан, Шотландия, Үндістан және Бразилия ғалымдары қатысады. Негізгі мақсат - экологияны сақтау үшін күрес және су ресурстары мен трансшекаралық су ағындарын пайдаланудың ұзақ мерзімді тұрақтылығы бойынша зерттеулер жүргізу.
Осы мақсатта Дулати университетіне британдық ғалымдар Изабель Джонс пен Крис Литтлбой келді, олар бір айдың ішінде табиғатты қорғау мәселелерін талдайды.
Ғалымдардың айтуынша, зерттеу тобы Шардара қаласынан бастап Арал теңізіне дейінгі аралықтағы су жетіспеушілігі мәселесімен танысады.