Жоғары оқу орындарының оқытушылық қызметіне шетелдік мамандарды тарту бағдарламасы аясында Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтына Қолданбалы ғылымдар техникалық университетінің профессоры (TH Wildau, Германия), физика-математика ғылымдарының докторы Питер Эндерс келді.
Шетелдік ғалым физика саласының маманы ретінде
физиканың аксиоматикалық және нақты бірлігін зерттеумен айналысады. Бағдарлама аясында ол институт қабырғасында бір ай бойы дәріс оқып, студенттер үшін семинар және практикалық сабақтар, профессор-оқытушылар құрамы үшін мастер-класстар мен кеңес беру шараларын өткізеді. Сонымен қатар, ЖОО оқытушыларымен бірлескен жариялымдар үшін ғылыми мақаланы дайындауға қатысу жоспарлануда.