Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Түркия мемлекеті Карабук университетінің PhD докторы, профессор Хакан Кутуджу дәріс оқып жүр.
Түркиялық ғалым ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қаржыландыруы бойынша Атырау университетіне дәріс оқуға арнайы келген.
Ол аталған білім ордасындағы физика, математика және ақпараттық технологиялар
факультетінің оқытушы-профессорлары мен шәкірттеріне өз тәжірибесімен бөлісіп, бірлескен жобаларды іске асырмақ.
Ақпараттық технология саласының білікті маманы профессор Хакан Кутуджу:
«Атырауға өз тәжірибеммен
бөлісуге келдім. Компьютерлік инженерия доцентімін. Түркияда математика мамандығы бойынша бакалавр бітірдім. Онан кейін, магистратурада IT және математика бағытымен
екі мамандықты игердім. Ал PhD дәрежесін ІT бойынша қорғап, алдым. Бұл оқу
жылының басы болғандығына қарамастан университетте көптеген білікті оқытушылар
мен шәкірттердің барын байқадым», - дейді.