Тәжікстан астанасы Душанбе қаласындағы Тәжік ұлттық университетінің қабырғасында Орталық Азия елдері жоғары оқу орындары ректорларының ІІ форумына Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің басқарма төрағасы-ректор Жанбол Жилбаев қатысып, бірқатар шетелдік жоғары оқу орын басшыларымен меморандум жасады. Форумның екінші күнінде Марғұлан университетінің басшылығы Ташкент қаласындағы Әлішер Науаи атындағы университетпен келісімшартқа қол қойды.
Форумның алғашқы күні бірқатар қазақстандық жоғары оқу орындары тәжікстандық жоғары оқу орындарымен келісім жасаған болатын. Еске сала кетейік, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ректоры Тәжік ұлттық университеті және Садриддина Айни атындағы Тәжікстан мемлекеттік педагогикалық университеті басшыларымен ынтымақтастық меморандумға қол қойды .