Рудный индустриялық институты Германия, Болгария, Чехия, Польша, Ресей, Латвия, Эстония, Беларусь, Австралия, Греция, Қырғызстан, Украина, Италия, Словакия және басқа елдердің жетекші университеттерімен халықаралық ынтымақтастықты дамытуда. Ғылым және білім саласындағы өзара ынтымақтастық туралы 50-ден астам келісімге қол қойылып, іске асырылуда.
Қазіргі уақытта РИИ студенттері мен магистранттарына дәріс және семинар сабақтарын Ченстохов политехникалық университетінің (Польша) профессоры, техника ғылымдарының докторы Knapinski Marcin Jaroslaw жүргізеді. Айта кету керек, Ченстохов политехникалық университеті аймақтағы ең көне және ірі білім беру мекемелерінің бірі болып табылады және тек Польшаның ғана емес, бүкіл Еуропаның қуатты ғылыми орталығы болып саналады.
Ынтымақтастық 14 жыл бойы жүзеге асырылуда. Бірлескен монографиялар, жоғары рейтингтік журналдарда ғылыми мақалалар дайындалды, ғылыми консорциумдар мен қауымдастықтардың жұмысына, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың жұмысына бірлесіп қатысуда және т.б.
Шетелдік оқытушы «Пластикалық деформация процестерін сандық және физикалық модельдеу» пәні бойынша сабақ жүргізеді. Дәрістер ағылшын тілінде өтеді, бұл ЖОО-да көп тілді білім беру ортасын құру міндетіне сәйкес келеді. Сондай-ақ, сапар шеңберінде институттың жас оқытушыларына арналған оқыту семинарлары және техникалық білім беру бағдарламалары білім алушыларының оқу процесіне қатысатын ПОҚ-ға арналған тренингтер өткізілетін болады.