ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАЗАСЫНДА СОТ ПРОЦЕСІ ӨТТІ

ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАЗАСЫНДА СОТ ПРОЦЕСІ ӨТТІ

             Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құқық саласы бойынша білім беру бағдарламаларының студенттеріне Талдықорған қалалық сотының судьясы Әлібек Әбдіхаев ашық сот процесін өткізді. Сот процесі білім ордасының мамандандырылған сот залы аудиториясында жүргізілді.

        Шараның мақсаты  студенттердің теориялық білімдерін сот қызметінің түрлі бағыттары бойынша жетілдіріп,  теорияда алған білімін тәжірибеде қолдану.

        Судья студенттерге сот процессіндегі негізгі міндеттерді егжей-тегжейлі түсіндірді.

       «Сот процесінің ашықтығы мен жариялығы студенттердің сот жүйесіндегі білімі мен сенімін арттырады. Білікті, моральдық, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген терең білімді заңгер ғана судья бола алады» - деді  ол.

       Сот процесі кезінде студенттерге судьяның  іс жүргізу ерекшеліктері, әділдігі мен тәуелсіздігі, сот хатшысының міндеттері, сотқа қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері тәжірибе бойынша көрсетілді. Ашық сот процесіне қатысқан студенттер практикалық білімнің мағыздылығын түсінді. Алдағы уақытта да ашық сот процесін өткізу жоспарланып отыр.