С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малаховқа Қазақстандағы алғашқы сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілердің фронт-офисі таныстырылды.
Кеңсе оқу орынында адалдық пен әділдік символы. Кабинет ашық, барлығына қызмет көрсетуге дайын, ал қауіпсіздік үшін бақылау камераларымен бақыланады. Кестеге сәйкес адвокаттар, медиаторлар, жоғары курста оқитын құқықтанушы студенттер университет білім алушылары мен олардың ата-аналарын қиындық тудырған мәселелері бойынша қабылдайды. Фронт-офис жұмысына көмектесу үшін білім алушылар арасынан 15 бастамашыл ерікті таңдалып алынған.
«Өздеріңіз байқағандарыңыздай, біздің университет сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке оның мақсаттары мен міндеттерін орындауда белсенді түрде көмектеседі», - деп атап өтті комплаенс-офицер Гүлмира Байркенова.
Сондай-ақ, ректордың блогы, сенім жәшіктері және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» онлайн порталы бар. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудағы альма-матердің рөлі орасан екенін атап өтті.