Ө. Жәнібеков атындағы ОҚМУ-де Чехия республикасының Палацк университетінен шақырылған ғалымдардың қатысуымен оқу тәжірибе алмасу шаралары басталды.
Университетте жоғары білім беру мен ғылыми үдерісті интернационалдандыруды арттырудың негізгі индикаторларының бірі дәрістер оқу, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жетекші шетелдік жоғары оқу орындарынан шетелдік профессорларды тарту болып табылады.
Европалық мамандар апта бойы «Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық жазылым», «Инклюзивті білім беру концепциясы» тақырыптарында ғылыми семинар өткізіп, магистранттар мен докторанттармен, жас ғалымдармен пікірлеспек.
Сондай-ақ, кафедраның профессор-оқытушыларына Чехия білім беру жүйесіндегі инклюзивті білім берудің рөлі мен теориялық-әдіснамалық негіздері, заманауи тенденциялары мәселелерін талқылап, пікір алмасу көзделіп отыр.