Maqsut Narikbayev University Академиялық және зерттеу кеңесінің отырысын өткізді, онда 2022-2023 оқу жылындағы жоғары мектептер мен білім сапасы жөніндегі кеңсе комитеттерінің есептері ұсынылды.
Жыл сайынғы есептік іс-шараның басты мақсаты - білім беру жүйесінің ашықтығын көрсету және жоғары оқу орындарында көлденең басқару мәдениетін қалыптастыру. Есептерді Академиялық сапа комитеттерінің, Ғылым комитеттерінің және барлық жоғары мектептердің Этика комитеттерінің төрағалары болып табылатын университет профессорлары, сондай-ақ Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі офис басшысы ұсынды.
Талқылау академиялық бағдарламалар мен курстардың сапасына қатысты мәселелерді қозғады, бұрын қабылданған тәжірибені немесе тәсілдерді, тіпті реттеуді өзгертуге әсер еткен жағдайларды қарастырды. Жиі кездесетін тәжірибе бойынша студенттер «ghost writing» (жұмысты басқа студенттің орындауына тапсырыс беру) үшін оқудан босатылып жатады. Сол себепті академиялық саясатта өзгертулер енгізілді, яғни үй тапсырмалардың қорытынды бағаға әсер ету тек 20 пайызды құрайтын болады.
Мектеп комитеттеріндегі жұмыс жүктемесі де талқыланды. Мысалы жоғары мектептердің академиялық сапа комитеттері жыл сайын мыңнан астам өтінішті қарастырады, олардың шамамен жартысы (48-52%) студенттердің пайдасына қанағаттандырылуда.
Сапаны қамтамасыз ету кеңсесі (QA Office) арнайы KAZGUU Data Analytics (KDA) платформасында жиналған талдаулармен, сондай-ақ онлайн режимінде бақылауға болатын көрсеткіштермен таныстырды (студенттер контингентінің барлық параметрлері, сабаққа қатысу туралы бағалардың немесе белгілердің кез келген өзгерістері, пәндерге тіркеу қорытындыларын талдау, құзыреттерді салыстыру және т. б.).
Естеріңізге сала кетейік, MNU университеті QAA аккредиттеудің бірінші кезеңінен өткен Орталық Азиядағы алғашқы жоғары оқу орны болды. Бұл университеттің білім берудегі жоғары сапа стандарттарына деген ұмтылысын көрсетеді.