256 орындық нысанда білім алушыларға қажетті кітапхана, асхана, кір жуу, жуыну бөлмелері бар. Жаңа заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған студенттер үйіне 1-курс студенттері орналасты. Сондай-ақ өзге облыстан келген шәкірттер, әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардың балалары қамтылды.
Академия басшылығы алдағы уақытта да студенттерді жатын орынмен қамтуды қолға аламыз деп отыр.
«Өйткені білім алуға келген студенттердің оқуда, ғылыммен айналысуға, спортпен шұғылданып, толағай жетістіктерге жетуіне еш кедергі болмауы керек», - дейді академия ректоры Бауыржан Закирьянов.