ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «ЮНЕСКО-ның жоғары білім беру саласындағы техникалық қолдау қажеттілігін бағалау-Қазақстан» жобасын іске асыруға кірісті. ҚР ҒЖБМ Ұлттық Жоғары білім беруді дамыту орталығы ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросымен бірлесіп, Корея Республикасының нысаналы қорының (KFIT) қолдауымен іске асыратын бұл жоба Қазақстанның жоғары білімін одан әрі дамытуды және оны әлемдік білім беру қоғамдастығына біріктіруді көздейді.
Біздің еліміздің бұл бастамасы трансшекаралық ұтқырлықты дамытуға және жоғары білім беру біліктілігін тануға, Токио және жаһандық конвенцияларды ратификациялауға, Азия-Тынық мұхиты өңірінің білім беру кеңістігіне (АТР) интеграциялауға бағытталған.
Қазақстанның жоғары білімнің Еуропалық кеңістігіне мүшелігі біздің елімізге трансшекаралық ұтқырлық және жоғары білімнің біліктілігін әділ тану мәселелері бойынша кең тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.
Еуропалық аймақтағы жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы Лиссабон Конвенциясына сәйкес, біздің еліміздегі Ұлттық ақпараттық орталық (NIC) болып ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы тағайындалды. Қазақстанның тағайындалған NIC тану туралы Конвенцияларды енгізуді басқаратын жалғыз серіктес болып табылады.
2023 жылдың қаңтарында өткізілген қажеттіліктерді бағалаудан кейін Орталық ЮНЕСКО-ның қолдауымен Токио конвенциясы мен біліктілікті тану жөніндегі Жоғары білім туралы Жаһандық конвенцияны ратификациялау жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу және саясатты талдау бойынша жұмысты бастады. Саясаттың осы екі негізгі құралы Азия-Тынық мұхиты аймағында және әлемдік ауқымда трансшекаралық ұтқырлық пен біліктілікті тануға ықпал етеді. Мүдделі тараптармен кең ауқымды консультациялар ратификациялаудың ықтимал артықшылықтарын анықтауға көмектеседі.
«Қазақстанның жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы Азия-Тынық мұхиты өңірлік Конвенциясын ратификациялауы елді АТР білім беру кеңістігіне кіріктірудегі маңызды қадам болып табылады. Бұл келісім әртүрлі қатысушы елдерде алған біліктіліктерді тану және салыстыру процесін жеңілдетеді, студенттер мен мамандардың ұтқырлығын арттырады, өңірлік ынтымақтастықты нығайтады, сондай-ақ қазақстандық білім экспортына жаңа нарықтар ашады», - деп атап өтті ҚР ҰӘМ жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының кеңесшісі Амантай Нұрмағамбетов.