М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 2 курс студенті Саипбек Мерей Қыдырқызы Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында 2023 жылдың 8-10 қыркүйек күндері аралығында өткен 13-ші Шотокан Каратэ WSF спорты бойынша әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Саипбек Мерей – Карате WKF- тен спорт шеберіне кандидат және ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі.
Өз кезегінде жас спортшы Каратэ WSF-тен Азия және әлем чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы болып табылады.