ШҚУ-ДЫҢ БЕС ПРОФЕССОРЫ ТҮРКИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

ШҚУ-ДЫҢ БЕС ПРОФЕССОРЫ ТҮРКИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
Түркияда «SCOFOLA 23» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Ауқымды іс-шараға ЖОО-ның бес профессоры аттанды. Олардың қатарында Толқын Абдрахманова, Айнагүл Жапарова, Бейбігүл Шуршитбай, Құлжыбек Құсманова және Анель Таранова бар.
«Сіздердің тезистеріңізді рецензенттер жоғары бағалап, қабылдады. Біз сіздердің презентацияларыңызды асыға күтеміз», - делінген түрік тарапының ресми хатында.
Конференцияға қатысушыларды Erasmus+ бағдарламасы аясында академиялық ұтқырлық бағдарламасы күтіп тұр. Үш апта бойы ШҚУ профессорлары Бюлент Эджевит университетіндегі тиісті кафедраларда біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр.