Польшаның Быдгощ қаласында өткен Шахматтан Әлем Чемпионатында Қазақстан Ұлттық құрамасы күміс медальға ие болды.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық құрама сапындағы Камалиденова Меруерт және Каирбекова Амина - Дене шынықтыру және бұқаралық спорт Академиясының «Үстел спорт түрлері бойынша педагог-жаттықтырушы (шахмат)» оқу бағдарламасының студенттері.
Алдағы уақытта шахматшы қыздарымызға тек жеңістер тілейміз!