Академиялық адалдық Лигасы мен Maqsut Narikbayev University жаңа оқу жылының басталуын академиялық қызметте жасанды интеллекттің әсері мен қолданылуына арналған дөңгелек үстел - маңызды іс-шараның өткізілуімен атап өтті.
Дөңгелек үстел онлайн-форматта Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарының ғалымдары мен мамандарының - Әл-Фараби ҚазҰУ, AlmaU, KBTU, MNU, UIB, Жәңгір хан атындағы БҚМАТУ, Satbayev University, SDU, Zhubanov University, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ -дың білім берудегі жасанды интеллекттің рөлін және оның этикалық аспектілерін талқылау үшін басын қосты.
Дөңгелек үстелдің спикерлері Халықаралық экономика мектебінің, жоғары құқық мектебінің және Maqsut Narikbayev University Жоғары гуманитарлық мектебінің оқытушылары болды.
Қатысушылар сыни ойлау дағдыларын дамытудағы жасанды интеллекттің ықтимал тәуекелдері мен артықшылықтары, академиялық салада Chat GPT қолдану, ағылшын тілін оқытуда ЖС қолдану және т. б. мәселелерін қарастырды.
Дөңгелек үстел қатысушылар үшін білім беруде жасанды интеллекті қолдану перспективаларын талқылауға, сондай-ақ оны пайдалануға байланысты этика мәселелерін қарастыруға тамаша мүмкіндік болды.