Мемлекет тарихы институтында «Talks» форматында тарихшы ғалымдар, сарапшылардың қатысуымен лекция, талқылау, пікір білдіру түрінде кездесулер легі басталды.
«Talks» әр аптаның бейсенбі күні 15:00-де өткізіледі. Бұл ғалымдарға өзара талқылау алаңы ғана емес, жаңа білім, креативті әлеуетті арттыру, дағды-құзыреттермен алмасу мүмкіндігі.
Алғашқы кездесу «А.П.Чулошников еңбегіндегі Қазақ хандығы мәселесі» атты тақырыпта өтті. Спикер: т.ғ.к., доцент, «Деректану, тарихнама және Отан тарихы» бөлімінің бас ғылыми қызметкері А.Н. Қашқымбаев.
Сарапшы-ғалым, зерттеушілер ресми сайтымыздағы кері байланыс арқылы (
www.history-state.kz, +7-7172-75-23-53) ұлттық тарих мәселелері, «Тәуелсіз Қазақстан тарихы» төңірегіндегі зерттеу қорытындылары, әдістерімен бөлісе алады.