ХХІ ҒАСЫР ДАҒДЫЛАРЫ: БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ТРЕНДТЕР

ХХІ ҒАСЫР ДАҒДЫЛАРЫ: БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ТРЕНДТЕР
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «ХХІ ғасыр дағдылары: білім саласындағы жаңа трендтер» тақырыбында оқыту семинары басталды. Семинардың қатысушылары дәріс беруде жаңа технологияларды қолдануды, жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы аудиторияда студенттердің қызығушылығын аттыруды талқылады.
Іс-шарада физ.-мат.ғ.к., профессор Ғалия Салтанова, психол. ғ.к., доцент Жаңылсын Сәбирова, магистр Нұргүл Байтемирова білім саласында ІТ құзіреттілікті, эмоционалдық интеллектті, жасанды интеллектті дамыту дағдысы жайлы практикалық дәрістер мен шеберлік сыныптарын өткізді.
Семинар барысында университеттің оқытушылары кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында білім беру дағдыларын дамытуды жетілдірудің жаңа құралдары мен әдіс-тәсілдерімен танысты.