ВИЦЕ-МИНИСТР КАМИЛЬ АҚАТОВ КАТАРДЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ВИЦЕ-МИНИСТР КАМИЛЬ АҚАТОВ КАТАРДЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Ақатов Катар мемлекетінің Білім және жоғары білім министрі Бутайна бинт Әли әл-Джабр Әл-Нуаймимен кездесу өткізді.
Кездесу аясында ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде екі ел арасында тәжірибемен алмасу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, Камиль Ақатов Катар министрін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің атынан Қазақстанға сапармен келіп, жоғары білім саласында өткізу жоспарланған іс-шараларға қатысуға шақырды.