Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жанындағы ТМД желілік университетінің «Халықаралық менеджмент» және «Құқықтану» бірлескен білім беру бағдарламасы аясында жоо магистранттары Айтбаев Төлеби, Гатауов Әлібек, Джумадуллаев Мирзатилла оқуларын сәтті аяқтады.
Сондай-ақ, ТМД желілік университетінің «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша Самара мемлекеттік техникалық университетінің магистранты Елизавета Ардакова (Әуезов атындағы ОҚУ және СамМТУ дипломы) білім алып, қос дипломға ие болды.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ТМД және ШЫҰ желілік университеті шеңберінде бірлескен және қос дипломды білім беру бағдарламалары табысты іске асырылуда. Университет серіктес жоғары оқу орындарымен бірлесіп, Психология және қоғамдық денсаулық сақтау, Интеграцияланған зияткерлік энергетикалық жүйелер, Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы, Менеджмент – Халықаралық басқару, Жобаларды басқару, Құқықтану, Филология, Дүниежүзі тарихы, Экономика, экологиялық сараптама және тұрақты даму, Құрылыс бағыттары бойынша мамандар дайындайды.