ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ «ЭКОФИЛЬТР» СТАРТАП ЖОБАСЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ «ЭКОФИЛЬТР» СТАРТАП ЖОБАСЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 3 курс студенті Ильясова Озада 1 200 000 теңге сомасына «Экофильтр» стартап жобасының жеңімпазы атанды.

Барлығы 76 команда қатысқан байқауда, М. Әуезов атындағы ОҚУ командасының жобасы үздік стартап-жобалардың бірі ретінде атап өтілді.

Байқау кампусты тұрақты дамытуға бағытталған университет қауымдастығының жасыл ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларын қолдау бағдарламасы бойынша өткізілді.

Sustainability Living Lab бағдарламасын Назарбаев Университетінің тұрақты даму Кеңсесі және «National Conservation Initiative» корпоративтік қоры Шеврон компаниясының қолдауымен жүзеге асырады.