Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерін баспанамен қамтамасыз ету жағдайы тұрақталды. Қазіргі уақытта құжат тапсырған университет студенттерінің 99%-ы университет ұсынған жатақханалардан бөлек хостелдер мен қосымша жалға алынған жатақханаларда тұрады.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде бірінші курс студенттеріне арналған жатақханаларға жолдама беру аяқталып, қазіргі уақытта бұл жұмысқа талдау жүргізілуде. Оның негізінде берілген жатақханадан бас тартқан студенттердің тізімі жасалып, олардың орындарын резерв тізіміндегі білім алушылар алады.
Абай атындағы ҚазҰПУ өзінің барлық студенттерін баспанамен қамтамасыз етуге күш салуда, бірінші кезекте баспанаға мұқтаж бірінші курс студенттері басты назарда. Мұндай студенттер қатарына жетім балалар, көп балалы отбасы мүшелері, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар балалар және басқа да жеңілдік иелері жатады. Бұл ретте бірінші курс студенттеріне жаңа өмір жағдайларына бейімделу үшін уақыт қажет екені ескерілді.
Университеттің бес жатақханасындағы орындардың жалпы саны 2086 орынды құрайды. Қазіргі уақытта оларда 1920 студент тұрады. Білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету үшін университет жалпы саны 1226 орынды 7 хостелмен келісімге отырған, оларда 365 студент қоныстанған. Сондай-ақ 650 орындық екі жатақхана жалға алынған және онда қазір 530 студент тұрады.