
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Ақатов Катар астанасы Доха қаласында қазақстандық жоғары оқу орындарының 14 дарынды студенті қатысып жатқан Huawei-дің «Seeds for the Future» жаһандық бағдарламасының ашылу салтанатына қатысты.
Іс-шара барысында Камиль Ақатов қазіргі әлемдегі цифрландырудың маңыздылығына тоқталды.
Бұл бағдарлама студенттерге озық технологияларды енгізуге және болашақта практикалық білім алуға мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жас таланттарды дайындауға бағытталған.
Бағдарламаның ашылу салтанатында вице-министр студенттермен кездесіп, министрліктің білім беру бағдарламалары туралы ақпаратпен бөлісіп, оларға сәттілік тіледі.