Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы (Астана қ.) алғаш рет халықаралық тәжірибе негізінде «Үстел спорты түрлері бойынша педагог - жаттықтырушы (шахмат)» жаңа инновациялық білім бағдарламасын ашты.
2023 жылы үстел спорты (шахмат) түрлері бойынша болашақ педагог-жаттықтырушылардың алғашқы қабылдауы жүзеге асырылды, қабылданған студенттердің қатарында еліміздің мақтаныштары да бар:

Меруерт Камалиденова - әйелдер арасындағы халықаралық шебер (WIM);

Казыбек Нөгербек –
FIDE халықаралық шебері;

Кайрбекова Амина - 20 жасқа дейінгі қыздар арасында ҚР чемпионы.
Бағдарламаны іске асыру Қазақстандық шахмат федерациясының қолдауымен негізгі стейкхолдерлер базасында дуальды оқыту элементтерін енгізуді көздейді.
Осы білім беру бағдарламасының түлектері Қазақстанның үстел үсті спорт түрлеріндегі (шахмат) халықаралық бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға және спорт арқылы өзінің беделін арттыру үшін елге әлемдік нарыққа шығуға көмектесуге арналған.