Республикалық комиссияның шешімімен осы жылғы іріктеудің үшінші легінде 172 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.
Оның ішінде 138 адам магистратурада, 8 адам докторантурада білім алса, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтеді.