М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 2023-2024 оқу жылына 1606 орынға арналған 4 студенттік жатақхана қолданысқа берілуге дайын.
Сонымен қатар мемлекеттік – жекеменшік әріптестік аясында 1000 орынға арналған екі жатақханамен келісімшартқа қол қойылды.
Өткен жылдан бастап Әуезов университетінің жатақханасына орналасу онлайн өтеді. Студенттер
https://dorm.auezov.edu.kz/ru порталы
арқылы тіркеліп, өздері қалаған бөлмеге өтініш бере алады. Жатақханаға орналасу ордері студенттің жеке кабинетіне беріледі.
Жиынға комиссия төрағасы , әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Е.Ж.Сармурзин, факультет декандары, қызмет басшылары, департамент директорлары, Шымкент қаласының студенттік омбудсмені И.Таекеев және университеттің басқа да жауапты тұлғалары қатысты.
Комиссия отырысының нәтижесінде жатақханаға өтініш берген студенттердің тізімімен, орналасу реттілігі, жеңілдіктер, ішкі тәртіп ережесі бекітілді.
Бүгінде жатақханаға орналасу үшін 1310 өтініш келіп түскен. Комиссия отырысының нәтижесі бойынша барлық өтініш қанағаттандырылды. Айта кетсек, Әуезов университетінде жатақхананың бір жылдық ақысы 70 мың теңгені құрайды.