Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен Эрджиес (ERCIYES) университеті «Академиялық ынтымақтастық, студенттер алмасу және Төмер тіл үйрету орталығын ашу бойынша» ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Атырауда Эрджиес университетінің «Төмер» орталығы ашылады. Екі университет арасындағы ынтымақтастық «Махмұд Қашқари атындағы академиялық және ғылыми-практикалық түрік орталығымен жасалған келісімшарт (ERÜTÖMER)» аясында жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, оқытушылар мен студенттер Эрджиес университетінің екі апталық «Жазғы мектеп» бағдарламасына қатысып, біліктілігін арттырды.