Жоғары оқу орындарының академиялық саясатының жаңа талаптары мен басымдықтары

Жоғары оқу орындарының академиялық саясатының жаңа талаптары мен басымдықтары

«Адами капиталдың дамуы - ел экономикасы өсуінің негізі» жоғары білім және ғылым форумы аясында «Жоғары оқу орындарының академиялық саясаты: жаңа талаптар мен басымдықтар» тақырыбында панельдік сессия өтті. Модератор - ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Бану Нарбекова.

Панельдік сессия екі тақырыптық бағытта өтті: «Жоғары білім беру жүйесі мен еңбек нарығын синхрондау» және «Оқыту нәтижелерін бағалау жүйесіне заманауи әдістер».

Сессияда «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғандықов, жоғары білім бойынша сарапшы Самғат Ермекбаев, жоғары білім саласындағы ұлттық сарапшы Гүлжан Жарасова, Назарбаев университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі вице-провосты Loretta O'Donnell, Нархоз университетінің президенті Мирас Дәуленов және «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Азамат Бейсенбенов баяндама жасады.

Диалог алаңына Ғылым және жоғары білім министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, Ұлттық аккредиттеу орталығы, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы өкілдері және жоғары оқу орындарының академиялық мәселелер жөніндегі проректорлары қатысты.

Тараптар кадр қажеттілігін болжау жүйесін жетілдіру, «Мамандығым – болашағым» жобасы, білім беру тапсырысын берудің жаңа тәсілдері, сондай-ақ докторлық split-бағдарламаларды дамыту, жоғары оқу орындарының академиялық саясатындағы әдеп пен адалдық, жасанды интеллектті дамыту жағдайында оқыту нәтижелерін бағалау критерийлері, сертификаттау жүйесін жетілдіру туралы мәселелерді қарасырды.