«Адами капиталдың дамуы – ел экономикасы өсуінің негізі» жоғары білім және ғылым форумы аясында «Жоғары оқу орындарының ұлттық және жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру»тақырыбында интерактивті сессия өтті.
Секция қатысушылары жалпы жоғары білім беру жүйесінің трендтері мен жаңа сын-қатерлерін, университеттердің даму көзқарасын, атап айтқанда даму бағдарламалары мен жоспарларын ұлттық және жаһандық индикаторлар мен көрсеткіштермен үндестіру, ұлттық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту тәсілдерін талқылады.
Секция жұмысына Аризона университетінің интернационалдандыру жөніндегі вице-провост Дженни Ли қатысты, ол Қозыбаев университетімен ынтымақтастық тәжірибесімен бөлісті. Ағымдағы жылы Қозыбаев университетіне Аризона университетінің білім беру бағдарламалары бойынша қабылдау 500 адамды құрайды (2022-2023 оқу жылында 155 адам).
The Education University of Hong Kong профессоры Синг Кай Ло интернационалдандыруды жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті.
«Really English» білім беру ұйымының директоры Найджел Киллик Really English жобасы туралы айтып берді, оның аясында ағылшын тілін, әсіресе ПОҚ үшін деңгейін арттыру жүзеге асырылуда.
Секцияның екінші бөлігінде топтық жұмыста өткізілді, онда қатысушылар жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламаларын саралауда, жоғары оқу орнының беделін қалыптастыруда, академиялық және зерттеу артықшылығын қамтамасыз етуде, жоғары білім беруді интернационалдандыру стратегиясында тәсілдер мен қағидаттарды әзірледі.