АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯ ҚҰРАМЫНДА

АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯ ҚҰРАМЫНДА
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті биология кафедрасының оқытушылары мен докторанттары Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық саябағында халықаралық экспедиция құрамында болды.
Бұл сапар Фрайбург университетімен (Германия) бірлесіп ұйымдастырылған. Іс-шараға Геттинген университеті өсімдіктер экологиясы кафедрасының профессорлары Дулам Сурен Чеймаа және Маркус Хаук және Монғол мемлекеттік университетінің (Ұланбатыр) докторанттары қатысты. Бұл жұмыс сапары шетелдік ғалымдармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Докторанттар ағаш тектес өсімдіктердің ботаникалық зерттеулеріндегі бұрғылау әдістерін меңгеріп, портативті жүйенің көмегімен өсімдіктердегі фотосинтез процестеріне талдау жүргізді. Докторанттар тәжірибе алмасу барысында шетелдік ғылыми кеңесшілерден ғылыми тағылымдамадан өту және Scopus базасына енетін ғылыми мақалаларын жариялау барысы бойынша кеңестер алды.
Экспедиция барысында көптеген материалдар жиналып, кеппешөп өсімдіктер қоры толықтырылды.