Даулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті MARA (UiTM) Технологиялық университетімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. 

Даулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті MARA (UiTM) Технологиялық университетімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. 

University teknologi MARA — Малайзиядағы заманауи инфрақұрылымы мен технологиясы бар 34 кампуста, 4 оқу колледжінде, 14 факультет пен 9 академиялық орталығында инновациялық білім беретін ең ірі университет.

Онлайн форматта өткен іс-шара барысында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма төрағасы - ректор Сәуле Рахметуллина екі университеттің мүдделері, құндылықтары, ғылыми қызығушылықтары мен білім беру мақсаттары ортақ екенін атап өтті.
 
UiTM 500-ден астам академиялық және кәсіби бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын ұсынады.

ШҚТУ ғалымдары қыркүйек айында серіктес университетпен INTI Халықаралық университетінде CDIO бастамасымен өтетін халықаралық конференцияға қатысады.

Бүгінгі кездесу мен ынтымақтастықтың маңызы жоғары. Еліміздің білім және ғылым саласындағы интернационалдандыру бағытында Азия университеттері маңызды стратегиялық серіктестердің біріне айналуда.

Екі университет арасындағы ынтымақтастық жемісті болатынына сенімдіміз