
2023 жылғы 16-18 тамыз аралығында Таллиннің қолданбалы ғылымдар университетінде Erasmus+ бағдарламасының «Қазақстанда дуалды жүйені енгізу» - KazDual жобасының ұлттық командасы: Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Шәкәрім университеті, Қарағанды жоғарғы политехникалық колледжі, Элетротехникалық колледжі кәсіптік және жоғары және кәсіптік білім беру сапасын арттыру бойынша (Эстония мысалында) воркшоп өткізді.
Семинар барысында ұйымдастырушылар университеттің AUTOLABOR, BIM-CAVE, LOGISTIKALABOR, RAUDTEELABOR зертханаларына экскурсия жүргізіліп, Эстония темір жолы (EVR) оқу зертханаларымен таныстырылды. Жоба тобы ITELLA ESTONIA OÜ логистикалық компаниясында болды.
Тренингтер барысында студенттердің өндірістік практикалары талқыланып, жоғары оқу орны жағдайында теория мен практиканы интеграциялау механизмдері, тәлімгерлік жайлы сұрақтар, студенттердің ішкі және кәсіби емтихандарды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ тренингке қатысушылар қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін үздіксіз дамыту шарттары ретінде кадрларды кәсіби сертификаттауды ұйымдастыру түрлерімен (жалпы, қосымша және мерзімді курстар) танысты.
Таллин қолданбалы ғылымдар университетінің студенттерін кәсіби даярлау сапасын растау студенттердің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігі болып табылады және олардың нәтижелері елдің индустриясын, логистикасын, инфрақұрылымы мен экономикасын оңтайландыруға бағытталған. Жоба консорциумының мүшелерімен өткен кездесу Қазақстанда дуальды білім беруді дамыту стратегиясын іске асыру және айқындау мүмкіндіктерін кеңейтті.
KAZDUAL жобасы еңбек нарығының қажеттіліктеріне және цифрландырудың сын-қатерлеріне сәйкес жоғары және кәсіби білім беруді модернизациялауға бағытталған.