ERASMUS + байқауының қорытындысы бойынша Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті «Жоғары білім беру әлеуетін дамыту» бағыты бойынша 101129169 - «Циркулярлы экономика және тұрақты даму саласындағы инновациялық оқу бағдарламалары мен модульдерін әзірлеу» жобасымен СirculЕС грантын жеңіп алды.
ШҚТУ алғашқы рет жоба бойынша грант иегері болып отыр. Жобаны жүзеге асыруға, серіктестер әрекетін үйлестіруге, басқару мен есепке, байланыс пен ынтымақтастыққа, бақылау мен жоба есебіне жауапкершілік артатыны сөзсіз.
Circulec жобасы Орталық Азия елдері жоғары оқу орындарындағы қызметкерлерді, студенттерді және жалпы жұртшылықты жергілікті еңбек нарықтарының қажеттіліктеріне және ОА елдері алдында тұрған экологиялық сын-тегеуріндерге бейімделген Дағдылар мен құзыреттермен қамтамасыз ету мақсатында циркулярлы экономика саласындағы адами капиталдың әлеуетін дамытуға бағытталған.
Жоба әр елдің (KZ, TKM, TJ, UZ) қажеттіліктеріне бейімделген циркулярлы экономика саласындағы жоғары оқу орындарында бар пәндерді жаңартуды көздейді.
Жоба шеңберінде ШҚТУ Santiago de Compostela (Spain) университетімен, Ayeconomics research centre (Spain), Universita Degli studi di Napoli Federico II (Italy), Fhm Bielefeld (Germany), Karaganda University of Kazpotrebsoyuz, Alikhan Bokeikhan university, Sh.Ualikhanov Kokshetau State University (Kazakhstan), Academy Of Sciences Of Turkmenistan, Turkmen State Institute Of Finance, Technological University Of Tajikistan, Tajik State University Of Commerce (Tajikistan), Westminster International University In Tashkent (Uzbekistan), Akfa University (Uzbekistan) ынтымақтастық орнатады.