САЯСАТ НУРБЕК ОБСУДИЛ ВОЗМОЖНОСТЬ СОТРУДНИЧЕСТВА С SINGAPORE UNIVERSITY OF TECHNOLOGY AND DESIGN

САЯСАТ НУРБЕК ОБСУДИЛ ВОЗМОЖНОСТЬ СОТРУДНИЧЕСТВА С SINGAPORE UNIVERSITY OF TECHNOLOGY AND DESIGN
Сингапурға жұмыс сапары аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Singapore University of Technology and Design оқу орнында болды. Сапар барысында тараптар ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастық мүмкіндігін талқылады.
Singapore University of Technology and Design өкілдері университеттің қызметі туралы айтып берді. Университет президенті, профессор Chong Tow Chong айтуынша, SUTD студенттерге инновация мен дизайнға баса назар аудара отырып, ғылыми және техникалық білімді біріктіретін бірегей білім беруді мақсат етеді.
Өз кезегінде министр Қазақстанның жоғары білім және ғылым жүйесін дамыту мақсатында Ғылым және жоғары білім министрлігі жүргізіп жатқан реформалар туралы ақпаратпен бөлісті.
«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев министрлік алдында негізгі басымдықтарды белгіледі. Қазақстанда «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы табысты іске асырылуда, оның аясында біздің студенттер әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «500 ғалым» бағдарламасы әзірленді. Жыл сайын қазақстандық ғалымдар шетелдік университеттер мен зерттеу орталықтарына ғылыми тағылымдамадан өтуге жіберіледі», - деп атап өтті Саясат Нұрбек.
Кездесуден кейін университет өкілдері қазақстандық делегацияға экскурсия өткізіп, Singapore University of Technology and Design инфрақұрылымы мен экожүйесімен таныстырды. 3D принтерлері, 5G технологиясы және Dyson компаниясы үшін жасалған әзірлемелері бар зертханалар көрсетілді.
Іс-шара соңында министр Саясат Нұрбек Сингапур университетін оқу бағдарламаларын, зерттеулерді әзірлеу және жетілдіру, мен академиялық алмасу саласында қазақстандық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастыққа шақырды.