ҮНДІСТАН КАДЕТТЕРІ ШҚТУ-ДА

ҮНДІСТАН КАДЕТТЕРІ ШҚТУ-ДА
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға Үндістан Республикасы Ұлттық Кадет Корпусының делегациясы келді. Делегация құрамы офицерлер Col Dharmender Singh Malik, Maj Rizu Rawat және 12 кадеттен тұрады.
ШҚТУ халықаралық қарым-қатынастарының тарихы қандай бай болса, географиялық байланысының аясы да сәйкесінше кең. Осындай ынтымақтастықтың аясында Үндістан елінен 14 адамнан құрылған делегация келді.
2015 жылы Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен Үндістан Республикасы Ұлттық Кадет Корпусы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты - өзара іс-қимылды нығайту, екі ел жастары арасында байланысты арттыру және Үндістан мен Қазақстан арасындағы достық қатынастарды дамыту.
Осыған дейін ШҚТУ әскери кафедрасының офицерлері мен студенттері Үндістанда Youth Exchange Programme жастармен алмасу бағдарламасы аясында жыл сайынғы шетелдік делегациялар съездіне қатысып, Дели, Джайпур, Агра, Биканер, Джайсалмер қалаларын және әлемнің жеті кереметінің бірі Тәж-Махал сарайында болды.
Бұл жолы, академиялық ұтқырлық аясында Үндістан Ұлттық Кадет Корпусынаның өкілдері тәжірибе алмасу, мәдени танымдық байланыс орнату, екі ел жастарының біліктіліктерін бағалауға Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға келді.
Алыс елден келген қонақтар үшін жоғары оқу орны кеңейтілген ақпараттық-танымдық, ғылыми бағдарламалар дайындады.
Кадет тәрбиеленушілері бір апта көлемінде ШҚТУ материалдық-техникалық базасымен, өңірдің таңғажайып жерлерімен танысады. Бұдан бөлек, кадет тәрбиеленушілеріне спорттық ойындар, Өскемен қаласындағы Үндістан мәдени орындарындағы шаралар, «Простор» студенттік сауықтыру лагеріне сапар және спорттық тимбилдинг ұйымдастырылады.